Театр бетперде тігу ісін жалғастыруда

Театр бетперде тігу ісін жалғастыруда

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус пандемиясымен күресуге арналған төтенше шаралардың қабылдануына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан театрлары халыққа көмек көрсетуде өткізіп жатқан қайырымдылық науқаны аясында Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры балалар мекемелері мен ауруханаларға сыйға берілетін көпжолғы бетперделерді тігу ісін жалғастыруда. 

Барлық тазалық нормаларын сақтай отырып бетперделерді тігуге Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының тігін, киім тігу және бутафория цехтарының шеберлері қатыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, көпжолғы пайдалануға арналған бетперде адам жөтелген немесе түшкірген кезде шығатын түкірік пен қақырықтың таралуына тосқауыл қойып, дені сау адамдарды түрлі вирустардың жұғуынан қорғайды.

Театр ұжымын қорғаныш бетперделерді тігуге қажетті материалдармен «Дом» қоғамдық қорының еріктілері қамтамасыз еткен.

24 наурызда бетперделердің 195 данасы Алматы қ. Түрксіб ауданының онкологиялық орталығына жөнелтілді.

27 наурызда онкологиялық орталықтың күндізгі стационарына арнап 192 дана қорғаныш бетперде табысталды.

26 наурызда зағип жандар мен көзі нашар көретін жандарға арналған республикалық кітапханаға 50 дана бетперде жіберілді.

Сонымен қатар ҚР-дағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Сайынмен «Дом» қоғамдық қорының балалар мекемелеріне және ұзақ мерзімді стационарлық емдеуде жатқан балаларға арнап маскалар тігу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. "Дегдар" қайырымдылық қорының еріктілеріне 5000 бетперде тігіп беру жоспарда бар.

Театрда қорғаныш бетперделерін тігуге арналған материалдарды қабылдау орны ашылған.

Көлік цехының жүргізушілері материалды театрға және бетперде тігумен айналысып жатқан жұмыскерлердің мекенжайларына жеткізуде.