Ақтоты Райымқұлова Аманхан Əлімұлының əулетіне көңіл айтты

Ақтоты Райымқұлова Аманхан Əлімұлының əулетіне көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова ақын Аманхан Əлімұлының əулетіне көңіл айтты.

«Мəдениет жəне Спорт министрлігінің атынан ақын Аманхан Әлімұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Аманхан ағамыз бірқатар республикалық басылымда қызмет етіп, қара сөздің қадірін түсінетін қарымды қаламгер екенін танытты. «Кездесу», «Жанымның жапырағы», «Ай нұры алақанымда» жыр жинақтары арқылы талғампаз оқырманның ықыласына бөленді.

Қазаның арты қайырлы, марқұмның жаны жəннатта болсын! »,- деп жазылған көңіл айту хатында.