Үндістан азаматтары үшін 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін 72 сағаттық визасыз транзиттік режимнің қолданылуы тоқтатылды

Үндістан азаматтары үшін 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін 72 сағаттық визасыз транзиттік режимнің қолданылуы тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 қаулысымен бұдан бұрын Үндістан азаматтары үшін енгізілген Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан шығудың жетпіс екі сағаттық визасыз режимі 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды.

Осылайша, көрсетілген қаулымен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген.

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының күші 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасына келуінің, болуының және одан кетуінің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Үндістан Республикасының азаматтары үшін уақытша тоқталылуда.
Бұл шара Үндістан мен Қытайды қоса алғанда, шет елдерден
науқастар мен жұқтырылған адамдардың елімізге кіру қаупінің артуын ескере отырып, сондай-ақ аурудың жаңа жағдайларының туындауын және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық
инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында
қабылданғанын атап өткен жөн. Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2020 жылғы 27 наурызында қолданысқа енгізілді.