
2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Саяхатшылар Қазақстанның қандай көрікті жерлерде демалды, қайда барды «ТОП-5» назарларыңызға ұсынамыз.
БЕСІНШІ ОРЫН – ШАРЫН ШАТҚАЛЫ
Шалғай жатқанына қарамастан Шарын шатқалы саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.
ТӨРТІНШІ ОРЫН - БАЯНАУЫЛ
Баянауылға бару бүгінге ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған.
ҮШІНШІ ОРЫН – КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ
Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.
ЕКІНШІ ОРЫН – БУРАБАЙ
Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам саяхаттаған.
БІРІНШІ ОРЫН – ІЛЕ АЛАТАУЫ
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын - Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.