Мәдениет және спорт министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар дайджесті

Мәдениет және спорт министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар дайджесті

• Асхат Оралов Tartyl Fest тартылу бойынша республикалық турнирдің Гранд-финалының жеңімпаздарын марапаттады;

• Танымал британдық журнал Қазақстан туралы мақала жариялады;

• Асхат Оралов Бейбарыс сұлтан көшесінің ашылуына қатысты және «Бейбарыс сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі;

• Қазақстандық гимнасттар батутта секіруден Әлем Кубогы кезеңінде 2 алтын медаль жеңіп алды;

• Асхат Оралов Маңғыстау облысында туризмнің дамуын бизнес өкілдерімен талқылады;

• 2022 жылы 68 елді мекеннің атауы өзгертілді: Министрлік жанындағы ономастикалық комиссия барлығы 606 ұсынысты қарады;

• 2022 жылы халықаралық турнирлерде қазақстандық параспортшылар 187 медаль жеңіп алды;

• Министрлік биыл 101 әдеби шығарманы басып шығаруды жоспарлап отыр;

• Асхат Оралов «Абай» операсының қойылымында болып, шығармашылық ұжыммен кездесті;

• Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германия азаматтары қаңтар айының басынан бастап Қазақстанға келген ТОП- 10 ел туристері қатарына енді;

• Министрлік өкілдері Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындық туралы айтты;

• Асхат Оралов брейкданс бойынша халықаралық турнир жеңімпазы Әмір Закировты құттықтады. Жарыс Жапонияда өтті.