Ақтоты Райымқұлова театр қызметкерлерін Халықаралық театрлар күні мерекесімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова театр қызметкерлерін Халықаралық театрлар күні мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова театр қызметкерлерін Халықаралық театрлар күні мерекесімен құттықтады.

Сіздерді Халықаралық театрлар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер қаншама буынның жан дүниесін байытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға атсалысып жүрсіздер. Тарихымыздағы сындарлы кезеңдер мен қазіргі қоғамдық құбылыстарды көркем зерделеуге сүбелі үлес қосып келесіздер. Сонымен қоса, театрларымыз әлемдік деңгейдегі қойылымдарды сахналап, талғампаз көрермендердің ықыласына бөленіп жүр. Алдағы уақытта да қазақ өнерін байытуда қарбаласқа толы еңбектеріңіз елене берсін. Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен руханиятына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан барлық ұжымға алғысым шексіз.

Осынау мерейлі күні Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт толайым табыс пен отбасыларыңызға амандық тілеймін!, - деп жазылған құттықтау хатта.