«Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан ортағасырлық мемлекеттердің ескерткіші – Бозоқ қалашығын сақтау: тұжырымдамалық тәсіл, даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтеді

«Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан ортағасырлық мемлекеттердің ескерткіші – Бозоқ қалашығын сақтау: тұжырымдамалық тәсіл, даму перспективалары»  атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Бозоқ» ашық аспан астындағы ұлттық паркін құру» республикалық жобасын, сондай-ақ ғылыми – зерттеу бағдарламаларын (2 археологиялық және 1 этнографиялық) іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 24 ақпанда Елорданың 25 жылдығына және Бозоқ қалашығының археологиялық қазбасының 25 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан ортағасырлық мемлекеттердің ескерткіші – Бозоқ қалашығын сақтау: тұжырымдамалық тәсіл, даму перспективалары»  атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Тарихи-мәдени мұра - бұл әлемнің әр халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес және орны толмас байлығы. Қазіргі уақытта көптеген елдер тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселесінің өзектілігін түсінеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында Қазақстан өзінің мәдени әртүрлілігі мен тарихи-мәдени мұрасын ұлттық қазына ретінде сақтау саясатын ұстанатынын мәлімдеген болатын.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және қайта құру біздің елімізді әлемдік қоғамдастықта лайықты таныстыруға ұмтылатын қазақстандық қоғамның зияткерлік және рухани дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Өткен, қазіргі және болашақ арасындағы байланысты жүзеге асыру, тарихи жадыны сақтау – әр ұрпақтың міндеті.

Бүгінде Астананың мыңжылдық ізашары саналатын Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағында орта ғасырлардағы архитектуралық стильде қоршау салынуда.

Бозоқ қалашығы - Қазақстанның дала аймағының қалалық мәдени ескерткіштерінің бірі. Елді мекен ескерткіштері урбанизация процесі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ғана емес, солтүстігінде де дамығанын дәлелдейді.

Дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, отандық жетекші ғалымдар: т.ғ.д. З.С. Самашев, т.ғ.д. Б.Г.Аяған, т.ғ.к. Ж. К. Құрманқұлов, т.ғ.к. М.К. Хабдулина, т.ғ.к. А.К. Көшкімбаев, А. С. Ермолаева, PhD докторы С. К. Сәкенов, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысады.

Іс-шараға ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн-қатысуға да болады.

Конференция идентификаторы: 987 345 4382. Кіру коды: 112233

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54.  

Басталуы: сағат 10.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+ 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru