Астанада жабық кешендегі жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Астанада жабық кешендегі жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Құрлық біріншілігі Азия жеңіл атлетикасындағы жылдың ең маңызды жарыстарының бірі. Турнирдің ашылуына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад және Азия елдерінің ұлттық федерация басшылары, елімізге еңбек сіңірген спортшылар мен спорт қайраткерлері қатысты. Министр еліміз мұндай турнирді алғаш рет өткізіп отырғанын атап өтті.

«Бұл біздің спортшыларға жоғары деңгейде өнер көрсету үшін құнды тәжірибе. Жанкүйерлер мен көрермендер жарыс барысын жіті бақылап отыр.

Астанаға 31 елден барлығы 360 спортшы келді. Қазақстан атынан 69 спортшы қатысады. Олар спорттың 24 түрі бойынша медальға таласады.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алып, көпшілікті қуантады. Атап айтқанда, 3000 метрге жүгіруден Каролин Чепкоеч Кипкируи алтын алса, 60 метр қашықтықта Ольга Сафронова күміс медальға қол жеткізді.

Жеңіл атлеттерді және барлық қазақстандық жанкүйерлерді осы нәтижемен құттықтаймын! Біздің спортшыларға жеңісті жолды одан әрі жалғастыруды және жанкүйерлерді жүлдемен қуантуды тілеймін.

Азия чемпионаты 12 ақпанда аяқталатынын атап өткім келеді. Өз спортшыларымызға қолдау көрсетейік!»,- деді министр А.Оралов өзінің Фейсбук парақшасында.