"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің атынан қазақ күресінен ҚР спорт шебері, дзюдодан Халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафаевтың
әкесі Шоңмұрын Мұстафаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Сіз байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген қаншама балуанды тәрбиеледіңіз. Сыр өңірінде спорттың дамуына сүбелі үлес қосып, ерекше жағдай жасадыңыз.
Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!",-деп жазылған көңіл айту хатында.