Азаматтарды қабылдау кестесі кейінге шегерілді

Азаматтарды қабылдау кестесі кейінге шегерілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 жарлығына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын короновирустан қорғау мақсатында 2020 жылдың 16 наурыздан 15 сәуірге дейін азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтата тұратыны туралы хабарлайды.

Бұрын жазылған азаматтар өз кезегін сақтайды және қабылдаулар жаңартылғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатын болады.