Мәдениет және спорт министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар дайджесті

Мәдениет және спорт министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар дайджесті

 

✅Қазақстан қолайлы демалыс бойынша ТОП-10 елдің қатарына кірді: шетелдік танымал рейтинг авторлары туристерге Алматы мен Семейге баруға кеңес берді.

✅Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

✅Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Қазақстанда кеңсе ашу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл мәселе мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Азиядағы ФИБА атқарушы директоры Хагоп Хаджирианмен кездесуі кезінде талқыланды.

✅ Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген қазақстандық фильм Үндістандағы ШЫҰ кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды. «Паралимпиец» фильмінде басты рөлді сомдаған Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды.

✅Жеңілатлет Кристина Овчинникова Чехиядағы World Athletics Indoor Tour халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

✅Мемлекет басшысы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

✅Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Егер жолдама ресми туристік агенттіктерден демалу үшін аз белсенді маусым кезінде сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді.

✅ Астанада Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған Гала-концерт өтті.

✅ Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлар қызметін пайдалануды ұсынды.

✅Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Құдайды іздеу: Жапония өнері» көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орайластырылған.