Қазақстандық әртістер LIVE форматында жаңа жоба бастады

Қазақстандық әртістер LIVE форматында жаңа жоба бастады

Жуырда қазақстандық әртістер онлайн форматында Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook және Қазақконцерттің Instagram парақшалары арқылы өз өнерін ұсынады.

Әртістер бұл онлайн концерт барша көрерменнің көңілінен шығады деген сенімде. Тыңдарман қауым фольклорлық, эстрадалық, классикалық және аспаптық концерттерді енді үйде отырып тамашалай алады!

"Концерт барысында өнер жұлдыздарымен тікелей эфирде сұхбаттасып, ой-пікірлеріңізді білдіре аласыздар",-дейді ұйымдастырушылар.