Бүгін Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын жеңіп алды.
Мәдениет және спорт министрі спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтады.
«Біздің команда Исландияны 7-0 есебімен жеңді. Чемпионат Болгарияның София қаласында өтті.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты.
Осыған дейін олар Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3) және Эстония (8:0) командаларын ұтты.
Біздің құраманы жоғары жетістігімен құттықтаймын және жаңа жеңістер тілеймін!»,- деп жазылған құттықтау хатында.