
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында төтенше жағдай жариялануына байланысты Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Қазіргі таңда онлайн режимінде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіліп жатыр.
Осы жылдың қазан – қараша айларында Ақмола облысы Көкшетау қ., Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан–Ресей өңіраралық форумына дайындық шеңберінде Ақмола облысының туризм басқармасы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті (Нұр-Сұлтан қ.) жетекшілігімен 17-18 наурызында «Орналастыру орындары үшін цифрлық маркетинг және сатуқұралдары» тақырыбында (модераторы «Инсайд тревел» жетекші компаниясы, Алматы қ.) онлайн семинар–тренинг өткізді.
Бірінші алаң Қазақстанның негізгі Топ 10 санатына кіретін Щучье-Бурабай курорттық аймағы кездейсоқ таңдалмаған. Аталған семинарды өткізуге Бурабай, Зеренді және Ақмола облысының қонақ үйлері және орналастыру орындары, оның ішінде Comfort Hotel Burabay, Green Which Tourist Borovoye, Zerenda Park,Hotel Edem, Hotel Nurlytau, Hotel Plaza, «Достық» қонақ үйі, «Aurora Garden» демалыс орталығы, «Зерен Нұр» демалыс орталығы, «Алмаз» шипажайы, «Парус» балалар сауықтыру орталығы және басқалар қызығушылық танытқан болатын.
30-ға жуық турбизнес субъектісі алдағы өтетін форумның қатысушылары мен қонақтарын қабылдауға, оларға орындарды алдын ала броньдау және өз турөнімін шетелдік нарықта жылжыту бойынша қолайлы жағдай жасауға ниет білдірді.
Тренингке қатысушылармен байланысқа Басқарма Төрайымы - университет ректоры М. С. Мурзамадиева және Ақмола облысы туризм қауымдастығының төрағасы Ш. Б. Батырханов шығып, жиынның табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Екі күн ішінде онлайн режимде турбизнес өкілдері нарық пен бизнестің жай- күйін терең талдау жөнінде толық ақпарат алды. Сонымен қатар оларды тиімді пайдалану бағытында нақты ұсыныстар берілді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы тренингтер циклы Халықаралық туризм және қонақжайлық университетінің жетекшілігімен өтетін болады.
Сонымен қатар, Университет Қазақстанның 10 туристік дестинациясындағы мейрамхана-қонақ үй бизнесінің сервистік персоналдары, гидтер, экскурсоводтар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды және өткізуді жоспарлап отыр.