
Бүгін, 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және «Қазақстан Республикасы букмекерлік және лотерея бизнесінің өзін-өзі реттейтін ұйымы» Қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі Қауымдастық) басшыларының кездесуі өтті.
Кездесуге мәдениет және спорт вице-министрі Е. М. Еркінбаев, Министрліктің Туризм индустриясы комитетінің қызметкерлері Төраға Д.А. Рыспеков пен төрағаның орынбасары М.К. Тулебаев және Қауымдастық басшысы Г.Ж. Дуамбеков қатысты.
Кездесуге қатысушылар саланың өзін-өзі реттеу форматына кезең-кезеңімен көшуіне, заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес құралдарын қолдануға, салық салу тетіктерін оңтайландыруға, нормативтік реттеуге, құқықтық салада жұмыс істейтін субъектілерді одан әрі қолдауға, іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың ауқымы мен көлемін кеңейтуге, Қауымдастықтың спорт клубтары мен жастарды қолдауға қатысуына қатысты бірқатар мәселелерді, сондай-ақ ойын бизнесін дамыту және жауапты ойын шараларын күшейту мәселелері жөніндегі бірлескен форумды өткізу жоспарларын талқылады.
Айта кету керек, бұдан бұрын Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылы G2B форматында халықаралық ойын бизнесі форумын ұйымдастыруға бастамашылық жасаған болатын. Форум аясында саланың халықаралық сарапшыларының, салалық қауымдастықтар өкілдерінің, бизнес субъектілерінің және басқа елдердің ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органдарының қатысуымен бірлескен іс-шаралар мен панельдік сессиялар өткізу жоспарлануда.
Мұндай алаңды ұйымдастыру қатысушыларға дамыған елдердің тәжірибесі негізінде заманауи құмар ойындар индустриясының ерекшеліктерін талқылауға, бірқатар екіжақты, көпжақты құжаттарға қол қоюға, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Кездесу нәтижелері бойынша жүйелі шараларды іске асыру шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл бойынша, оның ішінде Қауымдастық тарапынан реттеушіге оның мүшелері мен ойын бизнесінің өзге де ұйымдастырушыларының салалық заңнаманы сақтауын қамтамасыз етуде жәрдемдесу бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.
Тараптар ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағыты Туризм индустриясы комитеті мен Қауымдастық арасындағы кездесу қорытындысы бойынша жасалған Ойын бизнесі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл туралы меморандуммен расталды және бекітілді.