Дене шынықтыру және спортты дамытудың тұжырымдамасы қабылданады – Министр А.Оралов

Дене шынықтыру және спортты дамытудың тұжырымдамасы қабылданады – Министр А.Оралов

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктер спортын жетілдіру -  Министрліктің басты міндеті екенін атап өтті.

«Осы орайда, Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытудың Тұжырымдамасын қабылдау бойынша жұмыстарды пысықтауда», – деді министр өз сөзінде.

Аталған құжатта Мемлекет басшысының тапсырмалары мен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасының барлық көрсеткіші мен іс-шарасы  қамтылған.