
Бүгін ХХХ қысқы Универсиада жүлдегерлері - шорт-тректен Қазақстан құрамасы елге оралды.
Естеріңізге сала кетейік, шорт-тректен ерлер құрамасы эстафетада күміс медальге қол жеткізген болатын. Ұлттық құрама намысын Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Валерий Клименко мен Санжар Жанысов қорғады.
Ал аралас эстафетада да отандастарымыз күміс жүлдеге ие болды. Олардың нәтижесі 2:47.757 секунд. Ұлттық құрама мүшелері - Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов.
Спортшыларымызды Астана әуежайынан Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, туыстары мен достары ыстық ықыласпен күтіп алды.