
25 қаңтарда, сағат 11.00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру саласындағы негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының, министрлікке бағынысты спорт ұйымдарының басшылары, қоғам қайраткерлері қатысады.
Өтетін күні: 25 қаңтар 2023 жыл.
Уақыты: 11.00 сағ.
Өтетін орны: Астана қ., Тұран д.59, Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешені.
Отырысқа аккредиттеу үшін БАҚ өкілінің деректерін mcsgovrk@gmail.com электронды поштасына жіберуді сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 8(7172)74-09-24, 87758621022 (Наргиза Абылхасанова), 87718307349 (Айнагүл Тоқтахметова).
БАҚ-ты аккредиттеу 24.01.2023 ж., сағат 14.00-ға дейін ашық.
Алқа отырысы ҚР МСМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі: