Токио Олимпиадасының ашылуында ерлермен бірге әйелдер де ту көтеріп шығады

Токио Олимпиадасының ашылуында ерлермен бірге әйелдер де ту көтеріп шығады

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) олимпия ойындарының ашылу салтанатындағы ұлттық құрамалар шеруіне өзгеріс енгізді. Енді әр елдің мемлекеттін туын екі спортшы – бір ер адам және бір әйел адам көтеріп шығады.

«Біз тарихи шешім қабылдадық. Биыл Олимпиадаға қатысушы командалардың құрамында кем дегенде бір ер адам және бір әйел адам болуы керек. Сондай-ақ, біз ХОК хаттамасына өзгерту енгізіп, ойынның ашылу салтанатында әр мемлекеттің туын бір әйел және бір ер адам ұстап шығуын талап етеміз», - деді ХОК президенті Томас Бах. 

Сонымен қатар, ХОК коронавирусқа қатысты төрт жылдықтың басты додасын кейінгі шегеру туралы шешім қабылдауға асықпайтынын да мәлімдеді.  Айта кетейік, жазғы ойындар 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.