
АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.
Биатлоннан 15 шақырым қашықтықта жекелей жарыста Вадим (42:37.4) алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында екінші орынға норвегиялық спортшы Эрьян Мосенг (+42.6) ие болса, қола медальді Франция елінің өкілі Аксель Гарнье (+1:16.5) ұтты.