Ел қоржынына Универсиаданың екінші «алтыны» түсті

Ел қоржынына Универсиаданың екінші «алтыны» түсті

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) келіп, мәреге жетті.

Басқа отандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5).

Д. Васильевтің «алтыны» Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль.

Қазіргі уақытта 2 алтын медальмен қазақстандық студенттер жалпы командалық есепте алтыншы орында тұр.