Қ.Тоқаев: Кинотеатр, спорттық, туристік нысандарды салықтық тұрғыдан жігерлендіруді қарастыру керек

Қ.Тоқаев: Кинотеатр, спорттық, туристік нысандарды салықтық тұрғыдан жігерлендіруді қарастыру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке туристік саланы жігерлендіретін шараларды қабылдауды жүктеді.

«Үкімет және Ұлттық банк кәсіпкерлік субъектілерінің операциялық жұмыстарын қаржыландыруды қарастыратын жеңілдетілген несиелеу бойынша қосымша шаралар пакетін әзірлеуі керек» - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы сонымен қатар ШОБ-тың әлсіз санатын, атап айтқанда сауда нысандарын, кинотеатрлар мен театрларды, көрмелер мен спорттық нысандарды салықтық тұрғыда жігерлендіру керектігін еске салды.

«Маған түсіп жатқан көп өтінішке байланысты Үкімет туристік саладағы субъектілерді қолдау бойынша жігерлендіру шараларының пакетін әзірлеуі тиіс», - деп жазды Мемлекет басшысы.