Абайды ұлықтауға арналған іс-шаралар басқа форматта өтеді

Абайды ұлықтауға арналған іс-шаралар басқа форматта өтеді

Абайды ұлықтауға арналған іс-шаралар жаңа форматта өткізіледі. Бұл туралы Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирус инфекциясы бойынша қазіргі жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтты.

«Коронавирус қаупіне байланысты мәдени-бұқаралық іс-шарараларды шектедік. Мұндай шараларды жаңа форматты өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Мысалы, шараларды үлкен стадиондарда емес, теледидар, әлеуметтік желі арқылы өткізу жағын қарастырудамыз. Хакім Абайдың тұлғасын түсініп, ұлықтауға арналған іс-шаралар да жаңа форматта өткізіледі», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.