
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мерекелік концерттерге және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға сатып алынған билеттерді қайтаруға болатынын айтты.
"Әрине, бұл күндері, әсіресе мереке күндері көптеген іс-шаралар мен түрлі концерттер өткізу жоспарланған. Елде қабылданған шараларға байланысты осы іс-шаралардың барлығы тоқтатылды. Билеттерді сатып алған азаматтарымыз билеттерді сатып алған жердегі кассаға тапсыруға мүмкіндігі бар. Ақша қайтарылатын болады", - деді Мәдениет және спорт министрі.