
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет мекемелерінің жұмыс форматы туралы айтып берді.
"Бас санитарлық дәрігердің хаттамасында айтылған ұсыныстар мен тапсырмаларды, нормаларды меншік нысанына қарамастан барлық мәдени-спорттық ұйымдар орындауы тиіс. Сондай-ақ, мәдениет мекемелері онлайн-режимге көшті. Ендігі жерде осы онлайн-режимді пайдаланып мұражайларды интернет арқылы көруге болады деген сөз. Қазіргі таңда біз оқушылар мен студенттер үшін Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп нормативтер жобасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде уақытты барынша тиімді пайдалану керекпіз", - деді Мәдениет және спорт министрі.