Ақтоты Райымқұлова: Түнгі клубта іс-шараларды өткізуге тыйым салынады

Ақтоты Райымқұлова: Түнгі клубта іс-шараларды өткізуге тыйым салынады

Бүгін ҚазМедиа орталығында өткен баспасөз жиынында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус індетіне байланысты еліміздегі мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтты.

«Жедел әрекет ету штабында айтылған кеңестерді тыңдап, ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында бас санитарлық дәрігердің кеңесі бойынша адамдар көп жиналатын шаралардан бас тарта тұрған жөн. Қандай жағдай болмасын санитарлық-дезинфекциялық шаралар орындалып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек», - деді министр.

Ақтоты Райымқұлова түнгі клубтарда да шараларды өткізуге тыйым салынатынын жеткізді.

«Жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде 13 наурыздан бастап халық көп жиналатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Айтылып отырған ұйымдар, түнгі клубтар – бұл регламентке кіреді. Сол себепті мұндай мекемелерде іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын атап өткім келеді», - деді.