
Астанада UMAI өнер саласындағы тұңғыш Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 5 айға созылған конкурсқа қатысу үшін 400-ден астам өтінім түсті. Сыйлық «Астана опера» театрының Үлкен сахнасында «Оскар» форматында табысталды.
UMAI сыйлығының салтанатты рәсімін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ашып, байқаудың барлық қатысушысын құттықтап, өнер саласының өкілдеріне үлкен шығармашылық жолда жаңа жетістіктер тіледі. Жалпы, 19 лауреат UMAI мүсіншесі мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
«Елімізде тұңғыш тағайындалып отырған UMAI ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын, өнер саласындағы жыл үздіктерін анықтауға арнайы жиналып отырмыз. «Ұмай» ұлттық сыйлығы – сахна арқылы санаға төңкеріс жасайтын, жүректерден ізгілік іздейтін нағыз өнер майталмандарына арналған.
Өздеріңіз білесіздер, кез келген адам күнделікті күйбеңнен өзін тек театр, би, сурет, музыка, әдебиет арқылы ғана құтқарады. Сондықтан, бұл премияның маңызы біз ойлағаннан әлдеқайда тереңде деп санаймын. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, жеңімпаздарды комиссия мүшелері анықтады. Барынша әділ төрелік жасау мақсатында қазылар алқасының есімдері соңғы сәтке дейін құпия болып қалды.
Сонымен, сыйлықтың лауреаттары:
«Театр өнері» номинациясы бойынша:
Бес сыйлық «Хореография өнері» номинациясында анықталды:
«Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлдесін жариялау үшін жеңімпаздардың есімі жазылған конвертті символдық түрде Балалар жылында балалар сахнаға алып шықты және ашты. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қолынан үлкен марапатқа Қазақ ұлттық хореография академиясы Рикардо Дригоның «Раушан бүршігі мен көбелектің романы» балеті үшін және Маңғыстау облыстық қуыршақ театры «Айжан әжесінің ертегісі» (Айжан әжесінің ертегілері), «Қайта жаңғырған өрнек» (ою-өрнекті жандандырған), «Дастархан» трилогиялары үшін жеңіп алды.
«Биыл біз мәдениет және өнер саласындағы көптеген жобаларды іске асырдық. Umai-дан басқа, Dala Dauysy шығармашылық байқауы, «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі, Роза Бағланова атындағы вокалистер байқауы, Astana Piano Passion жас пианистер байқауы, «Алтын домбыра» республикалық айтысы, «Еуразия» кинофестивалі, «Айбоз» әдеби сыйлығы және басқа да жобалар. Біз сөзбен айтқанда ұлтымыздың ат үстіндегі айбынды рухын көтерген, қаламгерлеріміздің, өнер өкілдерінің шабыттарына шамшырақ болған жүйелі жұмыстар бір жыл ішінде ғана атқарылды.
Министрліктің басқа да салаларына, яғни спорт пен туризмге қатысты қолға алынған іс-шаралары да жетерлік. Өз кезегінде, осы іргелі істерді бірлесіп атқарған барлық әріптеске айрықша алғыс білдіргім келеді. Келесі жылы мұндай жобалар одан да көп болады», - деп түйіндеді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, үлкен шоу-бағдарламаға децін театр фойесіне сурет және эскиздер көрмесі қойылды, ал өнер майталмандары қызыл кілем үстінен жүріп өтті.