Василий Левит финалға шықты

Василий Левит финалға шықты

Осы күндері Иордания астанасы Амманда Азия және Тынық мұхиты аймағы іріктеу бәсекесінің жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр.

Қазақ боксшылары арасынан Василий Левит  (91 кг) иорданиялық Хусейн Ишаишпен жолықты. Василий үшін бұл жекпе-жек оңайға соққан жоқ. Бірінші раундта есе жіберген отандасымыз тез ес жинап, екі кезеңде сенімді қимылымен жеңіске жетті.