«Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің қызметіне арналған жиналыс өтті

«Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің қызметіне арналған жиналыс өтті

6 наурызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Antikor ortalygy ғимаратында орталық мемлекеттік органдардың «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің қызметіне арналған жиналыс өтті.

Жобалық кеңселердің өкілдерінен бөлек жиналысқа Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің қызметкерлері – директордың орынбасары Ғанижан Асанұлы және бас консультант Мирас Қарғабай, сондай-ақ Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық төрағасы, «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов қатысты.

Агенттіктің өкілдері жиналысқа қатысушылармен жобалық кеңселердің жұмысын одан әрі жетілдіру, менеджерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды ұйымдастыру, 2020 жылдың II тоқсанында жобаны жүзеге асырудың барысы мен ағымдағы нәтижелері туралы орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен есептік жиналыс өткізу туралы жоспарларымен бөлісті.  

Жиналысқа қатысушылар ақпаратпен жедел алмасу мақсатында жобалық кеңселердің барлық жауапты тұлғаларына арнап WhatsApp мессенджерінде ортақ чат ашу туралы Агенттік қызметкерлерінің ұсынысын қолдады.