
Бүгін Иордания астанасы Амманда Азия және Тынық мұхиты аймағы іріктеу бәсекесінің жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы сапынан бірінші болып 63 килода Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шықты. Иорданиялық Обада Мохаммад Мұстафа Алхасбекпен болған жекпе-жек тартысты өтті. Алғашқы раунда есе жіберген отандасымыз қалған екі раундта жанкештілік танытып, (4:1) жеңісті жұлып алды.