
Бүгін, 20 ақпанда М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінде «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсе мүшелерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Adal bilim жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Adal bilim әкімшісі Сергей Пен жобалық кеңсе қызметінің негізгі бағыттары және қағидалары туралы айтып, Мәдениет және спорт министрлігінен келген әріптестерінің сұрауы бойынша жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитті өткізу тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу нәтижесінде тараптар тығыз әрекеттестік, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шаралар өткізу туралы келісімге келді.