
Василий Левит бокстан Қазақстан командасына Олимпиаданың үшінші жолдамасын тарту етті.
Спортшы Аммандағы іріктеу турниріндегі бірінші кездесуден соң лицензия иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.
91 келіде жұдырықтасқан Левит жарысты ширек финалдан бастаған болатын. Ол Тәжікстан командасының өкілі Давлат Болтаевқа қарсы шығып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Левитке берген.
Еске сала кетейік, бұл бокстан Қазақстан командасының турнирдегі үшінші жолдамасы.