Бекзад Нұрдәулетов Олимпиадаға лицензия ұтып алды

Бекзад Нұрдәулетов Олимпиадаға лицензия ұтып алды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді,- деп хабарлайды Olympic.kz cайты.  

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзад ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен кездескен болатын. Кездесу өте тартысты өтті.

Бес төрешінің бесеуі де жекпе-жекте Б.Нұрдәулетовтің мықты болғанын растады.  Осылайша, бокстан Қазақстан қоржынына екінші жолдама түсті.