Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті

Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті

Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан іріктеу турнирінде Абылайхан Жүсіпов (69 кг) жеңіске жетті.

Абылайхан ширек финалда таиландтық Вуттичай Массукті 5:0 есебімен жеңді. 

Осылайша Абылайхан Жүсіпов бокстан Токио Олимпиадасының жолдамасын алды.