Ақтоты Райымқұлова әйелдер қауымын құттықтады

Ақтоты Райымқұлова әйелдер қауымын құттықтады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтады.

«Құрметті де қадірлі Аналар, қыз-келіншектер, әпке-сіңлілер,арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Бұрынғы данышпан билеріміз «Жүйрік аты, берен мылтығы, қыран бүркіті, көркіне мінезі сай жары бар еркектің төрт құбыласы тең»,-деп бекер айтпаған болса керек. Әрбір үйдің гүлі де нұры да Сіздерсіздер. Отбастарыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болсын, Сіздерге алғысым шексіз!»,-деді А.Райымқұлова.

Сонымен қатар министр 8-Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай және еліміздің әлеуметтік мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттар табыстады.

Мерекеге орай Алғыс хатпен марапатталғандардың қатарында:

-Әбілқайырова Бағдагүл Қайратқызы - Министрдің кеңесшісі;

-Жүсіпова Жұлдыз Төлегенқызы - Мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру жұмысы қызметінің бас сарапшысы;

-Ктанова Сәуле Мырзағалиқызы - Ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы;

-Иртазина Светлана Қажымұратқызы - Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы;

-Сейтқазиева Жансая Сейітқазықызы - Әкімшілік-шаруашылық қызметінің іс-жүргізу жөніндегі инспекторы;

-Насимолла Назерке Оралбайқызы - Әкімшілік-шаруашылық қызметінің іс-жүргізу жөніндегі инспекторы;

-Аңшыбай Зухра Әндіжанқызы - Мемлекеттік активтер мониторингі және бюджеттің атқарылуы басқармасының бас сарапшысы;

-Қадырбекова Айжан Әскербекқызы - Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының бас сарапшысы;

-Расбекова Арайлым Серікқызы - Жиынтық-бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы;

-Мусабаева Гүлнара Жұмағалиқызы - Заң қызметі департаменті директорының орынбасары;

-Қосдәулетова Гүлнара Омарқызы - Нормативтік құқықтық актілер сараптамасы басқармасының басшысы;

-Пазылова Гүлзейнеп Анафияқызы - Музейлер және кітапханалар басқармасының басшысы;

-Байжанова Гүльмира Серікқызы - Музыкалық өнер басқармасының бас сарапшысы;

-Мырзашева Гүлнафис Советханқызы - Кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы;

-Әлитанова Әсел Бозманақызы - Тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы;

-Әбішева Толғанай Ерегенқызы - Репертуарлық саясат басқармасының бас сарапшысы;

-Заманбекова Жанерке Жарқынбекқызы - Әкімшілік-шаруашылық қызметінің іс-жүргізу жөніндегі инспекторы;

-Абдраманова Әйгерім Ерболатқызы - Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы;

-Исалиева Айдана Қайдарқызы - Білім және ғылыми жұмыс басқармасының сарапшысы;

-Қарсақбаева Гүлзира Елубақызы - Архив ісі саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы;

-Ғаппасова Марал Айтмұханбетқызы - Ақпараттық қызметтер мен мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы;

-Даниярова Замира Болатқызы - Жазғы спорт түрлері басқармасының бас сарапшысы;

-Ысқақова Манат Тұрсынбекқызы - Қысқы спорт түрлері басқармасының бас сарапшысы;

-Жандәулетова Айнұр Бүркітбақызы - Бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының бас сарапшысы;

-Алдабергенова Жанара Жексембақызы - Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;

-Құсайын Гүлім Қабыкенқызы - Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы;

-Өтенова Баян Еркінқызы - Мемлекеттік қызметтер және цифрлық дамыту басқармасының бас сарапшысы;

-Қозыбақова Венера Лесбақызы - Әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы;

-Омарова Райгүл Бияхметқызы - Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы;

-Үдербаева Гүлнара Алдабергенқызы - Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы;

-Қарымбаева Айгүл Әуелбекқызы - Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас сарапшысы;

-Әбенова Динара Қайыргелдіқызы - Заң басқармасының бас сарапшысы;

-Есенғұлова Айнагүл Мұхатбекқызы - Жиынтық-талдау басқармасының бас сарапшысы;

-Жарылғасын Диана Нұрқанатқызы - Латын графикасына көшуді үйлестіру басқармасының сарапшысы;

-Жантасова Лаура Жантасқызы - Қаржы және экономика басқармасының бас сарапшысы;

-Баубекова Манат Нұрғисақызы - Тіл саясаты комитетінің архивариусы;

-Төлебаева Күлжан Қайыржанқызы - Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы ;

-Бейсекеева Зарина Қалқаманқызы - Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;

-Жезмурзина Айдана Асанқызы - Ішкі және келу туризмі басқармасының сарапшысы;

-Қошқарова Малика Болатқызы - Халықаралық ынтымақтастық және инвестицияларды тарту басқармасының сарапшысы;

-Еркін Махаббат Бақытқызы- «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКҚ «Қазақконцерт» шаруашылық бөлімінің инспекторы бар.