Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдады

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Генри Мозерді қабылдады.

Кездесу барысында министр екі мемлекет арасында мәдени-гуманитарлық байланыс жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын айтты.

-Қазір Қазақстан мен АҚШ барлық салада тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл қатарда туризмга арналған бірлескен жобаны жемісті жүзеге асырдық. Ал өткен жылы елімізде 2023 жылға дейін туризмді дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасы қабылданды. Бұл мақсатта министрліктің бастамасымен Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының аясында арнайы жобалық кеңсе құрылды. Жалпы аталған жобалық кеңсе аясында инвестиция тартуға арналған Алматы тау кластері («Түрген» жобасы) мен Щучинск-Бурабай курортты аймағы («Щучье» жобасы) сынды 2 бағыт анықталып отыр. Сонымен қатар, соңғы 5 жылдың қорытындысына сай екі мемлекет арасында қатынайтын туристер саны артып келеді. Ал өткен жылы 30 жетоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасында еш шектеусіз әуе рейстерін орындауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, 2023 жылдан кейін екі ел арасында тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл өз кезегінде туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізері анық. Біз сіздермен туризмді бірлесе дамытуда тыңыз жұмыс істеуге дайынбыз,- Ақтоты Райымқұлова.

Ал АҚШ Елшісі екі мемлекет арасында 98 халықаралық рейстің тұрақты қызмет көрсететінін айта келе, бұл бағытта әлі де біраз жұмыс істеу керегін жеткізді.

-Расымен, жыл өткен сайын қарым-қатынастың артып келе жатқаны барлық тарап үшін тиімді. Қазақстанның әлем туристерінің назарын аудару үшін мүмкіндігі жеткілікті. Сіздер қабылдаған тұжырымдама да осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі. Осы тұста сіз айтқан жобалар АҚШ компанияларының қызығушылығын туғызады деп ойлаймын,-деді Уильям Генри Мозер.