
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен халықаралық inDriver IT-платформасы Kazakh Tourism ҰК АҚ-мен бірлесіп, Soulful Tracks арнайы жобасын іске қосты.
Ол жобада slow television танымал форматындағы бес бейнеролик дайындалған. Видеожазбада Қазақстанның әртүрлі автожол маршруттарын «қалааралық іnDriver» және «жүк көлігі inDriver» жүргізушілердің көзімен көрсетеді. Бұл жоба жолға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жасалған видеоның идеясы жолаушылардың көзқарастарын гаджеттерден алшақтатып, айналасындағы сұлулықты көруге және Қазақстан табиғатының ерекше таңғажайып табиғатын жол-жөнекей тамашалауға арналған.
inDriver компаниясы Kazakh Tourism компаниясымен бірлесіп, бейнекамераларды көліктерге орнатып, Қазақстанның бес танымал қалааралық бағытын таңдап, жүріп өткен. Түсірілім әр бағыт бойынша 360 градус форматында жүргізілді. Нәтижесінде түсірілген 5 видеоролик slow television бойынша өңделіп, ашық платформарларға жүктелді.
«Қазақстан әдемі жерлерге бай, ал жол жүргізуші мен жолаушыларға жол ыңғайлы болуы керек. Soulful Tracks жобасын біз стереотипті Қазақстанды емес, жанға жайлы елді көрсету үшін жасадық. Еліміздің танымал диджейлерін осы жерлердің қайталанбас атмосферасын жеткізу үшін, саяхаттауға арнап саундтректер жазуға шақырдық. Бізге Қазақстанды жансыз алгоритмдер емес адамның көзімен көрсету маңызды болды», - дейді inDriver компаниясының арнайы жобалар бөлімінің басшысы Владислав Ревенко.
Роликтердің музыкалық сүйемелдеуін ерекше атап өткен жөн. Әр бағытқа арналған әуенді қазақстандық бес танымал диджей шығарған. Ән мен жолдың тіркесі жобаның ағылшынша атауында арнайы ойналады («track» сөзі «жол» болып та, «музыкалық трек» деп те аударылады).
«Біз inDrive жобасын қуана қолдадық. Қазақстанның сұлулығын жаңа форматта көрсету өте қызықты шешім. Өйткені терезенің сыртындағы сурет бір бағыттан екіншісіне қарай өзгеріп тұрады. Ал бұл Қазақстанның туризмін, оның кең даладан басталып қарлы шыңдардан аяқталатын маршруттарын сиппаттайтын көрініс»,- дейді Kazakh tourism ҰК» АҚ Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы.
Сілтеме бойынша видеороликтерді көріп, еліміздің сұлулығын музыкалық композициялармен тамашалай аласыздар: https://www.youtube.com/playlist?list=PL0_sVTc6ApjfoAnBR7jeyaiYyzzj0ncGM
Soulful Tracks маршруттары
1-Маршрут. Алматы-Көлсай
Жол талғамайтын көлік түрі
Музыка - DJ Nazira
2-Маршрут. Алматы-Бесмойнақ
Машина түрі - Газель
Музыка-DJ Edige
3-Маршрут. Астана-Бурабай
Машина түрі - жеңіл көлік
Музыка-DJ Nurboogie
4-Маршрут. Астана-Баянауыл
Машина түрі - Кроссовер
Музыка-DJ Nina_songa
5-Маршрут. Покровка-Талдықорған
Машина түрі - Жүк көлік
Музыка-DJ Aki