Дәурен Абаев Ақмола облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап береді

Дәурен Абаев Ақмола облысы тұрғындарының  сұрақтарына жауап береді

2022 жылғы 2 қарашада Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ақмола облысы Зеренді ауылында халықпен кездесу өткізеді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдеріне брифинг жоспарланған.

Кездесу барысында сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстарыңызды жеткізсеңіздер болады немесе алдын ала D.aldabergenova@msm.gov.kz  электронды пошта арқылы жолдай аласыздар.

Азаматтарды қабылдау мәселесі бойынша қосымша ақпаратты мына нөмір арқылы алуға болады +7 705 257 47 87 (Лаура Елеусінова, ҚР МСМ қызметкері).

БАҚ өкілдері де халықпен кездесуге қатыса алады, жиын соңында брифинг өтеді. БАҚ-ты аккредиттеу мәселесі бойынша қосымша ақпарат: +7 701 914 55 88 (Гаухар Омарбек, министрліктің баспасөз қызметінің басшысы).

Уақыты:  сағ 09: 30.

Өтетін орны: Зеренді ауылы, Ақмола облысы, Тәуелсіздік көшесі, 40 үй (Аудандық мәдениет үйі).