Ақтоты Райымқұлова боксшы Бақтай Сәпиевтің отбасына көңіл айтты

Ақтоты Райымқұлова боксшы Бақтай Сәпиевтің отбасына көңіл айтты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Кеңес одағының чемпионы Бақтай Сәпиевтің дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына көңіл айтты.

«Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт  шебері, Кеңес одағының чемпионы Бақтай Сәпиевтің дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Былғары қолғапты серік етіп байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғаған Бақтай ағамыздың рухы пейіште шалқысын. Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын»,- деп жазылған көңіл айту хатында.