Қазақ гимнастары Венгриядағы халықаралық бәсекеден жүлделі оралды

Қазақ гимнастары Венгриядағы халықаралық бәсекеден жүлделі оралды

Венгрияда көркем гимнастикадан өтіп жатқан дәстүрлі Gracia Fair Cup – 2020  бәсекесінде Қазақстан құрамасының атлеттері 3 қола жүлдеге қол жеткізді.

Жекелей сында Роза Абитова ұршықпен өнер көрсетуде үздік үштікті түйіндесе, Айбота Ертайқызы таспа мен шығыршық жаттығуында қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Венгриядағы турнирге негізінен жас спортшылар аттанған.