Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттархановтың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына көңіл айтты.
-«Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттархановтың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бекзаттай қайсар қазақтың алтын ұлын тәрбиелеп өсірген Сейілхан ағамыздың рухы пейіште шалқысын. Сейілхан ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!»,- деп жазылған көңіл айту хатында.