
2020 жылдың 27 ақпанынан наурыздың 6-на дейін өткен жылдың қазан айында басталған мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер фильмдерді іріктеу аясында киножобалардың байқауы өткізіледі.
Достық үйінде (Алматы қаласы, Құрманғазы көш., 40) авторлар кино туындыларын қорғайды.
Іс-шараны өткізу уақыты: сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Сонымен қатар питчинг ҰКҚМО-ның YouTube-тағы ресми арнасында онлайн режимінде көрсетілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық фестивальдерге қатысуға айқын әлеуеті бар авторлық қойылымдар да, көпшілік көрерменге арналған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де, сонымен қатар деректі және қысқа метражды жобалар мен халықаралық қосалқы өнімдер де «ұлттық фильм» атағын иеленуге үміткер бола алады.
Шешімдер:
Толық ақпаратты www.kazakhcinema.kz сайтынан табуға болады.