
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойынша 8 мамандандырылған клуб пен 13 мамандандырылған спорт мектебі барын жеткізді.
«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық спорттың 20-дан астам түрі белсенді дамып келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен 399,3 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл ретте «Спорттық ойындар», «Ақ Бидай» сынды ауылдық спорт ойындары және ұлттық спорт түрлерінен республикалық біріншіліктердің алар орны зор. «Қазақстан Барысы» жобасы біздің ұлттық спортымыздың брендіне айналса, «Еуразия Барысы», «Әлем Барысы» турнирлері арқылы халықаралық деңгейде дамып келеді»,- деді ол.