
Бүгін Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 2 алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ақтық сынға жолдама алған 3 спортшымыз Жапония палуандарымен белдесті. 53 кг салмақ дәрежесінде Татьяна Ахметова 2 дүркін әлем чемпионы Маю Мукаиды ұтса, 62 кг салмақта Аяулым Қасымова Юкако Каваидан жеңіліп қалды.
Ал 72 кг салмақ дәрежесінде Жамилә Бақбергенова Мей Шиндомен кескілескен белдесуде 2-1 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, Алтынай Сатылған (57 кг) вьетнамдық Ти Хуонг Даоны 4-2 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы 4 қола жүлдеге ие болған еді.