
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ортағасырлық Сарайшықтың болашақ даму мақсатын талқылау мақсатында 1988 жылдан ортағасырлық Сарайшықта археологиялық қазба жүргізген, оның қорытындысы бойынша бірнеше іргелі монографиялар авторы, т.ғ.д., профессор Зайнолла Самашев пен «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтарды қабылдады.
Қабылдау барысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау тапсырмасына сәйкес облыста атқарылатын жұмыстар талқыға салынды. Соның ішінде Алтын орданың идеологиялық орталығы әрі астанасы болған Сарайшық туралы әңгіме өрбіді.