Коронавирусқа байланысты таеквондодан лицензиялық бәсеке Қытайдан Иорданияға ауыстырылды

Коронавирусқа байланысты таеквондодан лицензиялық бәсеке Қытайдан Иорданияға ауыстырылды

10 -12 сәуір аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан өтуі керек болған лицензиялық бәсеке Иордания астанасы Амманға ауыстырылды.

Қытай таеквондо одағы коронавирустың өршуіне байланысты аталған доданы кейінге шегерген еді. Бүгін Халықаралық таеквондо федерациясы лицензиялық доданы өткізуге ниетті қалаларды анықтап, электронды дауыс беру қорытындысына сай Иорданияның Амман қаласын лайықты деп тапты.

Айта кетейік, қаңтарда Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия/Океания аймағының іріктеу турнирін Қытайдың Ухань қаласынан Амманға ауыстырған болатын.