
Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінда Қазақстан әйелдер құрамасы 4 қола жүлдеге ие болды.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 50 келіде бақ сынаған Валентина Исламова вьетнамдық Ти Ньгуенді (10-0) таза жеңсе, Марина Зуева (55 кг) кіші финалда жапониялық Хана Хигашикавамен белдесіп, (8-0) қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Сонымен қатар, Мәдина Бақбергенова (59 кг) қола жүлде үшін жапониялық спортшы Юйми Конмен белдесіп, 2:0-мен жеңіске жетсе, құрама көшбасшысы Эльмира Сыздықова (69 кг) моңғолиялық балуан Аруджангал Ганбатты 7:0 есебімен ұтты.
Ал 68 келіде қола жүлде үшін күрескен Альбина Қайыргелдинова өзбекстандық Азода Эсбергеноваға тартысты бәсекеде 12-13 есе жіберіп алды.