
23-25 ақпан аралығында Венгрия астанасы Будапештте көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтеді.
Ересектер арасында ел намысын Роза Абитова, Сабина Бақатова, Айбота Ертайқызы қорғаса, жасөспірімдерден топтық сында Э. Таниева, Д. Шаяхметова, А. Мамжан, Б. Қойбағар, Э. Жайлауова, А. Қасенова жүлдеге таласады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері – Әлия Юсупова.