
Ресейдің «Красное озеро» курортты аймағында өтіп жатқан Еуропа Кубогында Анастасия Городко екінші орын (71.18 ұпай) алды. Франциялық Камиль Каброль (72.69 ұпай) жеңімпаз атанса, ресейлік Екатерина Огнева (67.31) қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, жарыс жолына шыққан тағы 2 спортшымыз Олеся Граур 12-ші, Вика Михайлова 19-шы орынға жайғасты.