
Күрес түрлерінен Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. 72 кг салмақта белдескен Ибрагим Магомадов ақтық сында ирандық Амин Явар Кавянинежадтан 8:0 есебімен таза ұтылып, күміс жүлдегер атанды.
Бұл құрлық біріншілігіндегі қазақ балуандары еншіліген бесінші жүлде.
Бұған дейін Темірлан Шадукаев (77 кг) чемпион атанса, Хорлан Жақанша (55 кг), Азамат Күстібаев (87 кг) және Мансұр Шадукаев (130 кг) қола медальға қол жеткізген еді.
Айта кетейік, күрес түрлерінен Азия біріншілігі 23 ақпанға дейін жалғасады.